Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

Нақты пәндер бірлестігі бойынша 3 жылдық сараптама ӘБ 2014-17

Соңғы жылдарда нақты пәндер әдістемелік бірлестігі мектептің тақырыбына сай төмендегідей әдістемелік тақырыптармен нәтижелі жұмыстанды:

2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы 2016-2017 оқу жылы
«Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және критериалды бағалауды  енгізу  барысында математика, физика және информатика, сызу, технология пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру» «Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және критериалды бағалауды  енгізу  барысында математика, физика және информатика, сызу, технология пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру» «Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және критериалды бағалауды  енгізу  барысында математика, физика және информатика, сызу, технология пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру»

Әдістемелік жұмыста кәсіптік ықпал ету мен ұжымдық педагогикалық әрекеттің формалары қолданылады:

    - өзара сабаққа қатысу және өзара педагогикалық әдістемелік көмек беру;

    - жеке және ұжымдық кеңес беру;

    - ӘБ отырыстары;

    - аттестатталатын мұғалімдердің шығармашылық есептері;

    - педагогикалық басылымдарды талқылау;

    - нормативтік құжаттармен оқып-танысу;

    - шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің тәжірибелерімен танысу, тарату;

Joomla templates by a4joomla