Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

ЭЫДҰ TALIS зерттеуі ұлттық жоба менеджерлерінің 3-ші кездесуі мен семинар-тренингі өтті

2017 жылғы 6-13 шілдеде Лиссабон қаласында (Португалия Республикасы) TALIS Басқарушы кеңесінің (TALIS Governing Board) 3-ші отырысы, ЭЫДҰ TALIS зерттеуі ұлттық жоба менеджерлерінің 3-ші кездесуі мен семинар-тренингі өтті. Кездесулерге ЭЫДҰ, TALIS Зерттеу консорциумы, Еуропалық Комиссия мен ЮНЕСКО сарапшылары және Қазақстанмен қатар 40-тан астам елдің өкілдері қатысты. Қазақстан атынан Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас талдаушысы Ташибаева Диляра мен менеджері Сайлау Қуаныш өкілдік етті.

Кездесулердің мақсаты – апробацияны талдау және негізгі зерттеуді өткізуге дайындық.

Кездесулер барысында апробацияның талдауы мен негізгі зерттеуді ұйымдастыруға арналған бағдарламалық жасақтама ұсынылған, TALIS-2018 сауалнамаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, ЭЫДҰ сарапшылары TALIS-2018 нәтижесі бойынша дайындалатын негізгі есептің алдын ала мазмұнын ұсынды және TALIS Video Study, мұғалімдердің әл-ауқаты мен педагогтардың бастапқы дайындығы бойынша жобаларға қатысу мүмкіндігі туралы хабарлады.

Консорциум Қазақстанмен қатар 10 қатысушы мемлекетті апробацияны ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісуге шақырды. Қазақстанда апробацияны өткізу мен TALIS-2018 негізгі зерттеуін іске асыру жоспары туралы презентациямен TALIS ұлттық жоба менеджері Ташибаева Диляра сөз сөйледі.

Осы кездесулерге қатысу Қазақстанда TALIS зерттеуін жоғары деңгейде өткізу үшін маңызды рөл атқарады.

TALIS зерттеуінің нәтижесі педагогтар туралы сенімді, халықаралық деңгейде салыстырмалы деректерді деректер алуға және қазақстандық мұғалімдердің тиімділігі жоғары құрамын дамытуда жаңа басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Joomla templates by a4joomla