Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

Өнімді жұмыспен қамтуды дамыту аясында 320 мың қазақстандық 2021 жылға дейін техникалық мамандық алады

Ерлан Сағадиев министрліктің Бағдарлама аясында еңбек нарығының талаптарын ескерумен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды іске асыруға жалпы үйлестіру мен мониторинг жүргізетінін баяндады. Мәселен, 2017 жыл мен 2021 жыл аралығында аталған бағыт бойынша Бағдарлама аясында 320,5 мың адам тартылатын болады. 

Сонымен қатар аймақтарда кадрлар даярлауға үміткерлер тізімін құратын 1844 мобильді топ құрылды. 586 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларын (сервис және қызмет көрсету, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы) даярлау үшін 317 білім беру ұйымымен 271 басымдықты мамандықтан тұратын тізім анықталды. 

Министр Бағдарламаның қатысушылары санатына оқу орындарына түспей қалған 9-11 сыныптардың түлектері, жұмыс іздеп жүргендер, өмірдің қиындығына тап болғандар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері мен басқа да санаттағы азаматтар жататын түсіндірді. Сонымен қатар, Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленді, бір рет ыстық тамақ беріледі және жолақысы төленеді. Сондай-ақ қазіргі кезде кадрлар даярлауға үміткерлерден 12771 өтініш келіп түскені атап өтілді. 


Материалдар www.primeminister.kz веб-сайтынан алынған

Фото: primeminister.kz 

Joomla templates by a4joomla