Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы мектеп оқушылары арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасын өткізеді

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытқан Ұлттық олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11сыныптарының оқушылары қатыса алады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, үміткерлерді 6-8 және 9-11 сыныптар арасында екі топқа бөліп қатыстыру көзделген. Қатысушылар «Жасыл энергетика», «ІТ», «Модельдеу және робототехника», «Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар» атты тақырыптық бағыттар бойынша бақтарын сынамақ. Үміткерлер жұмыстарын olympiad.kz2050.kz сайтына жолдауы тиіс.

Қазіргі уақытта жұмыстарды бағалауға арналған сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар тобына оқушылар өз жұмыстарын 2017 жылғы 15 қазанға дейін ұсына алады. Түрлі бағыт бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен сарапшылар тобы жүлдеге лайықтыларын анықтайды. Жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары беріліп, кубок тапсырылады.

Сондай-ақ, жүлдеге лайық деп танылған жобаларды одан әрі дамыту мақсатында кәсіби кеңестер мен ұсыныстар беру және коммерциаландыру үшін демеушілер тарапынан менторлық жасау көзделген.

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы» кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеевтің айтуынша, еліміздің жас таланттарын анықтайтын жобаға Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Бахтияр Артаев, ZeroToOneLabs.com студиясының негізін салушы Арман Сүлейменов, «I2BF Global»компаниясының құрылтайшысы, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының серіктесі Әділ Нұрғожин қолдау білдіріп отыр.   

Joomla templates by a4joomla