Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

«Білімді ұлты – табысты болашақ» атты салтанатты жиын

Сәулет» мектеп – лицейінде Білім күніне арналған «Білімді ұлты – табысты болашақ» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы және аудандық білім бөлімінің бас маманы Батырғалиева Гүлмира Боранғалиқызы қатысып, жас ұрпаққа өздерінің ізгі ниеттен тілектерін жеткізді. Биылғы оқу жылында мектебіміз жас маман мектебіміздің түлегі математика пәні мұғалімі Айсағалиев Әлімбек Савитұлымен толықты.Өзінің алғашқы құттықтау сөзімен мектеп директоры Ж.Х.Айтжанов өткен жылға қысқаша шолу жасап, жаңа оқу жылына жаңа табыстар тіледі. Жиын жас өрендердің әдеби монтажымен және 5 сынып оқушысы Ибрагим Дананың орындауындағы «Туған жер» әнімен шырқалып, республикалық «Бала дауысы – 2016» байқауының лауреаты А.Кабдильмановтың орындауындағы тамаша әнмен өз жалғасын тапты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 5 сынып оқушылары Сарсенов Саядат пен Ибраева Эмилияға табысталды. Алғашқы соғылған қоңыраудың үнімен сыныптарда алғашқы «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағаттары өтті.

 

Joomla templates by a4joomla